Мекен-жайы: 060016, Атырау қаласы, Геолог поселкесі,Ә.Аққұлов көшесі, 10 А үй
Телефоны: 8(7122)390621, 8(7122)390674
РНН: 150100006234
БИК: KKMFKZ2A
БИН: 010440001925
ИИК: KZ31070103KSN1510000
Код ГУ:4641331
КБЕ: 12
Мемлекеттік мекеме қазынашылық департаменті ҚР ФМ
Мектеп туралы жалпы мінездеме
Атырау қаласы Геолог поселкесіндегі «Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты жалпы білім беретін «Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мұғалімдердің кәсіби шығармашылық өсуін қамтамасыз ету, жаңа инновациялық технологияларды меңгеру, критерилды бағалау жүйесін ұйымдастыру, жаңа заманауи педагогикалық парадигмаға негізделген білім беру процесінің жоғары сапасына қол жеткізуде үздік педагогикалық тәжірибені анықтау, насихаттау арқылы мектеп жұмысының тәжірибесіне енгізуге бағытталған жұмыстарды жүйелі жүргізіп келеді.
Қабырғасы 1987 жылы қаланған бұл мектеп- бүгінде сан мыңдаған шәкірттерін ұядан ұшырған үлкен білім ордасы.Мектебіміз білім алушыларға екі ғимаратта өз қызметін көрсетіп келеді. 114 мұғалімі бар педагогикалық ұжымды көп жылдық педагогикалық еңбек өтілі бар тәжірибелі басшы Махметова Айғаным Шаймардановна басқарады.Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой-талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Мектебімізде Қазақстанның бәсекеге қабілетті жас жеткіншектерін тәрбиелеуде, білім саласының дамуына елеулі үлес қосып жүрген жаңашыл мұғалімдердің қатары да жыл сайын көбеюде. Пән мұғалімдері жаңартылған бағдарлама бойынша және көшбасшылық сонымен қатар базалық деңгейде біліктілігін арттыру курстарынан өтіп,қалалық,облыстық семинар-тренингтерде критериалды бағалаудың тиімділігін өз шеберліктері арқылы көрсетіп келеді.
2019-2020 оқу жылында «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының ұйымдастыруымен өткізілген республикалық ғылыми-практикалық конференцияға мектебімізден 2 мұғалім, қалалық педагогикалық оқуға 7 мұғалім қатысып баяндамалары жинаққа еніп, сертификаттарға ие болды. «Білім айнасы» Республикалық ғылыми-танымдық журналына қазақ тілі пән бірлестігі мұғалімдерінің сабақтары жарияланды. Пән мұғалімдері қалалық «Үздік ашық сабақ» атты кәсіби байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.Өнерлі оқушыларымыз да ән-күй,биден және спорттық жарыстардан облыстық,республикалық сайыстардың жеңімпаздары.
Жаратылыстану пәндерін үш тілде оқыту –болашақ ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі қажеттілік деп біледі.Осы қажеттіліктерді жүзеге асыруда мектебімізде физика,биология пәндерінде факультатив сабақтарға оқушылар қызығушылықпен қатысуда.
Ата- аналар қауымдастығы да мектеппен бірлесе жұмыс жасап,өз қолдауларын көрсетіп келеді.
«Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай, ашық айтатын адамы- мұғалім» деп қаламгер Ғабит Мүсірепов айтпақшы, мектептің тірегі де, жүрегі де-мұғалім. Қазіргі таңда білім жүйесінің барлық саласында ақпаратық технологияны қолдану білім сапасын арттырудың тиімді жолы болып отыр.Осы мақсатта мектебіміз оқыту үрдісінде ақпараттық технологияның инновациялық құралдарын қолдануда арнаулы интерактивтік құралдармен жабдықталған физика,химия, информатика кабинеттері жұмыс істейді.
Мектеп ұжымы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетімен, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжімен, Облыстық мұғалімдер біліктілігін жетілдіру инстутымен, Жаңа ақпараттық технология орталығымен, Облыстық және қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетімен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектебінің материалдық жағдайы туралы мәлімет
Сынып бөлмелерінің саны | 33 |
Ақылы сынып бөлмелерінің саны | 21 |
Шеберхана | 1 |
Спорт зал | 1 |
Компьютерлер саны | 101 |
Ноутбук саны | 121 |
Планшет | 9 |
Химия зертханасы | 2 |
Физика зертханасы | 1 |
Информатика кабинеті | 2 |
Кітапхана | 1 |
Оқулықпен қамту жағдайы | Қамтылған |
Асхана | 1 |
Оқушыларды ыстық тамақпен қамту | 1-4 сынып оқушылары – 741 Әр түрлі әлеуметтік топтардың балалары — 88 |
Электр жарығымен қамтылуы | толықтай қамтылған |
Канализация торабы | — |
Сумен қамту жағдайы | Орталық су құбыры |
Ыстық сумен қамту | — |
Күрделі жөндеу (қашан жүргізілді, қаражат мөлшері) | 2012 жыл, 75 млн. |
Жеңіл жөндеу | жыл сайын |
Бір жылғы жұмсалатын тоқ көзі | 56 677 к/ватт |
Жылыту қазаны | автономды |

