КММ «Жалпы білім беретін Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп»
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!🔊🔊🔊
⚜️Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес 2024-2025 оқу жылындағы мектеп формасының үлгісі талапқа сай орындалуы міндетті.
🔆Мақсаты:
✅Қоғамда міндетті мектеп формасына оң көзқарасты қалыптастыру;
✅Білім берудің зайырлы сипатын сақтауды қамтамасыз ету үшін мүдделі мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру.
🔆Міндеттері:
✅Білім беру ұйымдарында классикалық киім үлгісінің эстетикалық талғамы мен мәдениетін тәрбиелеу;
✅Оқушылардың сыртқы келбеті бойынша мектеп пен ата-ана арасындағы өзара түсіністікті нығайту және мектеп оқушылары арасында киіну мәдениеті туралы дәстүрлі түсініктерді қалыптастыру;
✅Оқуға қолайлы жағдай жасау, мектептің ішкі тәртібі мен жарғысын сақтау, тәртіпті нығайту және оқушылар арасында киім үлгісін сақтауда сапалы дағдыларды қалыптастыру.
🔆Мектеп формасына қойылатын талаптар:
✅Мәтінінде «діни атрибутиканың қолданылмауы» деген тіркес, бұл тек діни атрибуттарға ғана емес, басқа да ерекшеліктерге тыйым салынатынын білдіреді.
✅Оқушы мектепке еркін киім үлгісімен, сәнді немесе спорттық киімдермен, жарқыраған әшекей бұйымдармен келе алмайды.
✅Барлық қыз балалар үшін белдемше (юбка) кеңселік, тізеден 5 см-ден жоғары болмауы керек.
✅Ер балалар үшін кең пішілген шалбар ұзындығы тобығын жауып тұруы керек.
✅Әр түрлі діни конфессияларға тән киім элементтеріне тыйым салынады.
✅ Үшкір бұйымдары бар киімдер киюге немесе аксессуарлар тағуға болмайды.

