ММ «Жалпы білім беретін Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп»
#ұстаздаркүні
#school_satbayev
КММ «Жалпы білім беретін Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп»
#дублёркүні
#school_satbayev
ММ «Жалпы білім беретін Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп»
#Мектепішілікзерде
#Ғылымижоба
#schoolsatbayev
КММ «Жалпы білім беретін Қ.И. Сәтбаев атындағы орта мектебі»
✅26 қыркүйек күні мектепішілік «Үздік бастауыш сынып мұғалімі — 2024″өткізілді.
✅Мақсаты:Заманауи білім беру үлгісін жетілдіру бойынша үздік педагогикалық тәжірибені анықтау, жалпылау, жинақтап тарату.
✅Осы мақсатқа сәйкес, — заманауи педагогикалық технологияларды енгізу бойынша тәжірибе алмасу.
-педагогтардың өзіндік жұмыстәжірибесін жинақтау арқылы рефлексиялық қабілеттерін дамыту;
✅Байқау 4 турдан тұрады:
І тур: Педагогтің Е-портфолиосы.
ІІ тур: Тиімді жоспарлау — кәсіби дамудың жарқын жолы.
Мақсаты:қысқа мерзімді жоспарын құру, талдау қабілетін көрсету.
ІІІ тур: Куррикулум дизайны.
ІV тур: Жасанды интеллект білім саласында — қазіргі білім берудегі АКТ.
#schoolsatbayev
КММ «Жалпы білім беретін Қ.И. Сәтбаев атындағы орта мектебі»
28 қыркүйек күні Отбасы мерекесіне орай ұстаздар арасында «Бір отбасындай тату ұжым» атты тақырыпта тимбилдинг өткізілді.
Тимбилдингте көңіл-күйді көтеру, берілген мәліметті белсенді қабылдау үшін әр түрлі ойындар,тренингтер, көңілді музыкалық жаттығулар, атқа міну, садақ ату ұйымдастырылды. Көңілді және динамикалық музыка педагогтарда жағымды эмоциялар мен сезімдерді тудырды: қуаныш, бақыт, қанағат. Нәтиже күтілгеннен асып түсті! Ұялшақтық, қысылу сезімдерін сергектік, жеңіл, ашылу сезімдері ауыстырды.Ұжым бірлігі, ұйымшылдық сезімі қалыптасты.
#тимбилдинг
#schoolsatbayev
ММ «Жалпы білім беретін Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп»
⚜️ 5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдер күні мерекесі. 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні — Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілгені баршамызға белгілі.“Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» екендігін айтып, ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халықының азат тағдыры мен тілі үшін күрескен халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, Алаш арысы, ағартушы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, публицист, педагог, аудармашы – Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты.
Бір ауыздан қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестіктері атсалыса отырып, «Мәңгілік ел- мәртебелі тіл» тақырыбында іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – тілдік мәдениет пен жалпы адами рухани құндылықтарға негізделген қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты, қазақстандық бірегейлікті, өзара түсіністікті нығайту, дамыту, қазақ тілінің мәртебесін биіктету.
Іс-шара барысында көтерілген мәселелер, талқыланатын сұрақтар ана тіліміз – қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін биіктетуге өз үлесін қосады деген үміттеміз.
#school_satbayev
КММ «Жалпы білім беретін Қ.И.Сәтбаев атындағы орта мектеп»
#Мектебім_мейірім_мекені
#1_қыркүйек_Білім_күні
#schoolsatbayev

